Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
92 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде ол жапониялық Такаши Ишигуромен күш сынасты.
ҚР ҰОК мәліметінше, Дәулетбеков үзіліске дейін бірнеше нәтижелі әдіс жасап, 6:0 есебімен алға шықты.
Белдесудің екінші кезеңінде қос балуан ұпай ала алмады. Осылайша, Дәулетбеков жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына қола медальді салды.
Айта кетейік, бұған дейін 86 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Болат Сақаев бахрейндік Хидир Сайпудиновқа есе жіберді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.