Күні кеше Қарағанды қаласындағы Трудовая көшесі, №27 үйдің ауласындағы балалар алаңында кәмелетке толмағандар арасында жанжал пайда болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға балалардың бірі ата-анасына хабарласқаннан кейін ушыға түскен. Оқиға орнына келген ересектердің әрекеті бейнежазбада анық көрінеді. Әйел балаға дауыс көтеріп сөйлескен, ал ер адам оны мойнынан ұстап, жерге лақтырып жіберген. Соның салдарынан бала құлап, тыныс алуы қиындады.
Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаға қатысқан барлық тұлғалардың жеке басы анықталып жатыр.