Сәтбаев қаласында үш адам бір азаматқа жабылып, соққыға жықты

Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.

Сәтбаев қаласындағы Жастар көшесінде үш ер адам бір азаматқа шабуыл жасап, оны қатты соққыға жыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.

Ұлытау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиғаға қатысқан барлық тұлға анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.