Қызылордада балабақшадан өрт шықты

Оқиға орнына дейін 93 адам, оның ішінде 85 бала өздігінен эвакуацияланған. Төтенше жағдайлар қызметі келген соң тағы 5 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Қызылорда қаласындағы Отырар көшесі, 3А мекенжайында орналасқан екі қабатты «Ақбілек» балабақшасының жертөлесінен өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға бүгін, яғни 13 сәуір күні тіркелген. Жалпы аумағы 244 шаршы метр ғимараттың жертөлесіндегі 28 шаршы метрлік бөлме өртенген. Өрт сағат 12:04-те оқшауланып, 12:11-де толықтай сөндірілді.

Оқиға орнына дейін 93 адам, оның ішінде 85 бала өздігінен эвакуацияланған. Төтенше жағдайлар қызметі келген соң тағы 5 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Қызылорда облыстық ТЖД мәліметінше, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 35 қызметкер мен 12 техника жұмылдырылған.