Ұлттық ұланның әскери бөлімдері Наурыз мейрамын ерекше тойлады

Бас қолбасшылықтың бастамасымен ұйымдастырылған шара барысында әскери бөлімдер киіз үй тігіп, ұлттық рухты ұлықтаған мазмұнды көріністер ұсынды.

Астана қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдері Наурыз мейрамы мерекесін ерекше сән-салтанатпен атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты

Бас қолбасшылықтың бастамасымен ұйымдастырылған шара барысында әскери бөлімдер киіз үй тігіп, ұлттық рухты ұлықтаған мазмұнды көріністер ұсынды.

Мерекелік алаңда тігілген әрбір киіз үй қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен насихаттауға арналды. Әскери қызметшілер ұлттық тағамдар әзірлеп, қонақтарға дәм ұсынып, халқымыздың қонақжайлық дәстүрін көрсетті.

Сонымен қатар  әр бөлім өз киіз үйінде түрлі рәсімдер мен ұлттық ойындарды ұйымдастырып, көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады.

Іс-шара аясында киіз үйлер арасында арнайы номинациялар бойынша үздіктер анықталды. Атап айтқанда, “Ең үздік салт-дәстүр”, “Ең көркем киіз үй”, “Ең өнерлі ауыл”, “Ең қонақжай киіз үй”, “Ең дәмді наурызкөже” номинациялары бойынша үздік шыққан бөлімдер марапатталды. Бұл байқау әскери қызметшілердің шығармашылығын шыңдап, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға зор ықпал етті.

Аталған мереке Ұлттық ұлан сарбаздары үшін тек думанды шара ғана емес, сонымен қатар ел бірлігін нығайтатын, рухани құндылықтарды дәріптейтін маңызды басқосу болды.