Гүлайым Рахмонова бұрынғы күйеуі, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен ажырасуына қатысты мән-жайды ашық айтып, журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның айтуынша, ажырасуға дейін неке шартына байланысты мәселе көтерілген.
«Шавкат “неке шартын жазып бер” деген әңгіме айта бастады. Мен ол кезде оған мән берген жоқпын, күліп қарадым. Кейін ол ұсыныс қайта қозғалғанда, мен де өз талабымды айттым: “Маған бір кәсіп ашып бер немесе біз тұрып жатқан үйді рәсімдеп бер, мен де неке шартын жазып берейін. Неге менен қорқасың?” дедім», – дейді ол.
Гүлайым Рахмонованың сөзінше, отбасылық келіспеушіліктер барысында ол неке шартын рәсімдеуге келісім берген.
«Ақыры құжат жасалды. Онда ажырасқан жағдайда әркімнің атындағы мүлік өзінде қалатыны көрсетілді», – деді ол.
Айта кеткен жөн, бұған дейін Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын мәлімдеп, спортшының балалардан бас тартқаны жөнінде де пікір білдірген еді.