Қазақстан таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

Қола медальді Ерасыл Ерзат жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы таеквондодан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қола медальді Ерасыл Ерзат жеңіп алды.

Ол 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде Аль-Юсуфи Фахадқа жол беріп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 17 сәуірге дейін жалғасады.