Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызы америкалық танымал тревел-блогер Коннор Кампергини мен оның жұбайын үйінде қонақ етті, – деп жазды Aikyn.kz.
Продюсер әлеуметтік желіге бейнежазба жариялады. Онда шетелдік қонаққа ұлттық дәм ұсынып, мәдениетімізбен таныстырып жатқаны байқалады.
“Бүгін танымал тревел-блогерді қарсы алдық. Оған барлығы ұнады деген үміттемін. Ол бізге қонаққа келуге өзі ниет білдірді. Біздің үй қаланың көрікті жеріне айналған сияқты. Енді оның қандай пікірде екенін білгіміз келеді”, - деді Баян Мақсатқызы.
Айта кетейік, кәсіпкер, блогер Бейбіт Әлібековтің "По домам" бағдарламасында Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызының зәулім үйі көрсетілген еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.