Тамара Асар күйеуіне арнап әсерлі жазба жариялады

Өнер иесі жолдасын туған күнімен құттықтап, тілегін жеткізді.

Әнші Тамара Асар жолдасын туған күнімен құттықтап, жантебірентер жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі жолдасын туған күнімен құттықтап, тілегін жеткізді.

"Туған күнің құтты болсын, Бапасы! Бақыттың базарында шалқуды жазсын Алла! Маған деген ынтаң мен ықыласыңа бас идім. Бір-бірімізге деген құрметіміз бен қызметіміз мәңгі адал болсын! Көңілдің қаяуы кетіп, қуанар күн көп болсын. Туған күніңмен…", - деп жазды әнші. 

Айта кетейік, Тамара Асардың жолдасы Жұмаш Айтжанұлының тұңғышы жақында жол апатынан көз жұмған болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.