Әзірбайжанда бүгіннен бастап карантин жарияланды
Әзірбайжанда бүгіннен бастап карантин жарияланды
© сурет интернеттен алынды
208
оқылды
Мұндай шешімді дүйсенбіде премьер-министр Әли Асадовтың төрағалығымен өткен үкіметтің отырысында қабылданды. Негізі бұған дейін инфекцияның таралуына байланысты Әзірбайжан мемлекеті 19-29 наурыз аралығында елдегі ішкі қозғалысты шектеген еді. Ол жақта коронавирустан бірінші өлім 12 наурызда тіркелген. Ираннан келген әйел адам қаза болды. Қазіргі уақытта Әзірбайжанда коронавирустық инфекцияның 72 жағдайы тіркеліп, 10 адам аурудан айыққан екен.