Шымкентте жол қозғалысы ережесін бұзған автокортеж тоқтатылды

Бейнебақылау жүйелері мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде барлық көлік анықталып, құқықбұзушылықтар тоқтатылды.

Шымкентте полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокортеж жүргізушілерін анықтап, жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қозғалыс барысында жүргізушілер қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, кері бағытта қозғалу және өзге де қауіпті маневрлер жасау арқылы қозғалыстың өзге қатысушыларына қауіп төндірген.

Бейнебақылау жүйелері мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде барлық көлік анықталып, құқықбұзушылықтар тоқтатылды.

Барлық жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

12 автокөлік айыптұраққа қойылды. Екі құқық бұзушыға қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды.

Полиция ескертеді: жолда мұндай қауіпті әрекеттерге жол берілмейді. Қандай да бір себепке немесе мәртебеге қарамастан, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері қатаң түрде тоқтатылып, заң аясында тиісті шаралар қабылданады.