Тұрғындардың өтініші орындалды: Арыста балалардың қауіпсіздігі үшін көше жарығы орнатылды

Бұл жоба Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ержан Қосмамбетовтың бастамасы бойынша жергілікті әкімдікпен бірлесіп жүзеге асты.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ержан Қосмамбетовтің "AMANAT" партиясының Арыс қалалық филиалында өткізген жеке қоғамдық қабылдауларында тұрғындар көтерген өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Соның бірі – балалардың мектепке қатынау жолындағы қауіпсіздігі болатын, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Арыс қаласындағы О.Байдәулетов көшесінде қала тұрғындарының өтініші негізінде көше шамдары орнатылып, 1 шақырым аумақ жарықтандырылды. Бұл жоба Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ержан Қосмамбетовтің бастамасы бойынша жергілікті әкімдікпен бірлесіп жүзеге асты.

Сонымен қатар тұрғындардың өтінішімен тағы бір игі іс қолға алынып, оқушылардың қауіпсіздігін және жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында мектеп маңына жаңа аялдама орнатылып, аяқжол салынды. Осылайша, мектеп маңы кешкі уақытта қауіпсіз әрі қолайлы бола түсті.

Жергілікті тұрғындар бұл бастамаға ризашылығын білдіріп, депутат Ержан Қосмамбетовке алғыс айтты.