Ұландық спортшы панкратионнан Қазақстан чемпионы атанды

Беделді жарыста ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Burkit Team» спорт командасының өкілі Қуаныш Шымкентбай лайықты өнер көрсетті.

Қызылорда қаласында аралас жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Беделді жарыста ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Burkit Team» спорт командасының өкілі Қуаныш Шымкентбай лайықты өнер көрсетті.

Республикалық жарысқа еліміздің барлық өңірінен 20 команда, 800-ге жуық спортшы қатысқан.  Қатысушылар үш жас санаты мен әртүрлі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Тараздағы 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшісі  62 келі  салмақ дәрежесінде күш сынасты. Спортшы төрт жекпе-жекте қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, ел чемпионы  атанды.

Ұландық жүлдегер алдағы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға мүмкіндік алып, спорт шебері атағын иеленді.

Бұл жетістік оның жоғары дайындық деңгейін және Ұлттық ұлан спортшыларының әлеуетін айқын көрсетеді.