Елордада коронавирус жұқтырғанның бірі дәрігерге өзі хабарласқан
Елордада коронавирус жұқтырғанның бірі дәрігерге өзі хабарласқан
© Сурет интернеттен алынды
168
оқылды
Сөйтіп, ол 22 наурыз күні инфекциялық стационарға жатқызылған. Зертханалық зерттеулер жүргізіліп, 24 наурыз күні сынама нәтижесі пациентте коронавирустың бар екенін анықтады. Қазір пациенттің ешқандай шағымы жоқ, дене қызуы да қалыпты жағдайда. Әзірге әйелмен тығыз қарым-қатынаста болғандар анықталуда. Ал екінші науқас  2 наурыз күні Минск-Нұр-Сұлтан рейсінен түскен. Лондонда бір ай оқуда болған азамат елордаға келісімен бірден карантиндік стационарға оқшауланған. Қазіргі уақытта ол инфекциялық стационарда жатыр. Пациенттің ешқандай шағымы, жоқ, дене қызуы да қалыпты.  Қазір науқаспен жақын байланыста болғанның барлығы инфекциялық стацонарға оқшауланды. Енді онымен ұшақ бортында жақын байланыста болғандар анықталып жатыр. Бойында короновирус анықталған 35 адамның біреуінің жағдайы тұрақты ауыр.