Қазақстандық оқушылар халықаралық Менделеев олимпиадасына қатысып жатыр

Биыл химия пәнінен 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасы Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтіп жатыр.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті базасына әлемнің 35-тен астам елінен 200-ге жуық үздік жас химик жиналуда. Қатысушылар қатарында Қазақстан, Қытай, Вьетнам, Өзбекстан, Израиль, Армения, Түркия, Куба, Моңғолия, Бразилия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Чад Республикасы, Египет, Таиланд, Коста-Рика, Иордания, Әзербайжан, Солтүстік Македония және басқа да елдердің олимпиадалық құрамалары бар, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Қазақстандық команда құрамында 10 оқушы және 2 жетекші бар:

Жеңісханова Айзере – Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

Жақсылықов Ансар – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;

Полетаев Данил – Алматы қаласындағы №134 лицейдің 11-сынып оқушысы;

Қалдыбай Меңдіғали – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;

Қали Әбілмансұр – Астана-Нұра физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

Теңізбаев Арен – Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Айтжанов Алидар – Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

Сейітқазиев Нұрсейт – Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Ибраимов Әбдіжан – Астана қаласындағы халықаралық NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

Махмутов Мансур – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.


Бахытжан Елдана – ғылыми жетекші, PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;

Сәрсенбай Айдос – құрама жетекшісі, Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының 2-курс студенті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.