Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Азия чемпионатында қола медальға ие болды

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құраманың қоржынына екінші қола медальді салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Абылайхан қола медаль үшін өткен белдесуде БАӘ өкілі Гаджимурад Омаровты айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, дәл осы салмақта Әділет Алмат алтын жүлде үшін белдеседі. Ал бұған дейін Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) қола медаль алған еді.