Павлодарлық студенттің жазған әуені Ұлыбританияның біріншілігін иеленді
Павлодарлық студенттің жазған әуені Ұлыбританияның біріншілігін иеленді
© Сурет интернеттен алынды
Иманбек әуен сүйер қауымның арасында Imanbek Remix есімімен танылған. Әсіресе, америкалық рэпер Карлос Сент-Джон әніне жазған әуені UK Singles Chart көшін бастап тұр. Ол – Ұлыбританиядағы синглдардың ресми хит-парады. Оны Ұлыбританияның дыбысжазу индустриясын бақылап отыратын The Official Charts Company жасайды. Олар елдегі ең көп сатылған, яңни ақылы жүктеулер мен әлеуметтік желіде тыңдалған синглдерге негізделеді. https://youtu.be/jOMHWVv0xX4 Соның ішінде Imanbek Remix-тің Saint JHN орындайтын «Roses» әні The Weeknd, Dua Lipa, Billie Eillish, Roddy Ricch және Джастин Биберді басып озды. Оған дейін 19 жастағы студент Apple Music үздік ондығына кіріп, Shazam атты музыкалық қосымшада 6,5 миллион көрсетілім жинап, Яндекс-музыка чртында 5 орынға табан тіреді. Ол Павлодардағы Жоғары электроника және коммуникациялар колледжіннің студенті бола тұра, теміржолда белгі беруші болып жұмыс істейді екен. Ал музыка оның жәй қызығушылығы еді. Себебі, жазып жүрген ремикстерін FL Studio бағдарламасымен істеуді интернеттегі видеосабақтар арқылы үйреніпті. Сол қызығушылығын әлі де үзбей жалғастырып жүр.