Маңғыстауда мектеп мұғалімі кәмелетке толмаған оқушыны зорлады деген күдікпен ұсталды

Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленуші – 9-сыныпта оқитын жасөспірім қыз. Полицияға арызды оның өгей әкесі түсірген.

Маңғыстау облысында мектеп мұғалімі кәмелетке толмаған оқушымен заңсыз қарым-қатынас жасады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы педагог Мұнайлы ауданындағы №12 мектепте технология пәнінен сабақ берген. Ол аталған білім орнында шамамен сегіз жыл жұмыс істеген.

Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жәбірленуші – 9-сыныпта оқитын жасөспірім қыз. Полицияға арызды оның өгей әкесі түсірген.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Әзірге іс бойынша нақты қорытынды жарияланған жоқ.