Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ширек финалда ол канадалық Лейла Фернандесті (WTA рейтингінде 25-орын) жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Енді финал жолдамасы үшін Рыбакина әлемнің тоғызыншы ракеткасы Мирра Андрееваға қарсы кортқа шығады.
Кездесу турнирдің шешуші кезеңдерінің бірі болмақ.