Елена Рыбакина – Штутгарттағы WTA 500 турнирінің финалында

Бұл — соңғы үш жылдағы Рыбакинаның Штутгарттағы екінші финалы

Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінің финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жартылай финалда қазақстандық теннисші (WTA №2) ресейлік Мирра Андрееваны (WTA №9) 7:5, 6:1 есебімен сенімді жеңді.

19 сәуірде өтетін финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Чехия өкілі Каролина Муховамен (WTA №12) кездеседі.

Бұл — соңғы үш жылдағы Рыбакинаның Штутгарттағы екінші финалы. 2024 жылы қазақстандық спортшы осы турнирде чемпион атанған.