Видео әлеуметтік желіні бақылау кезінде анықталған. Көкпаршылар Шамалған ауылының Жібек жолы көшесінде кешкі 17:00 шамасында көкпар тартқан. «Қазір бұл ойынды ұйымдастырған адам ұсталды. Ол 27 жастағы осы ауылдың тұрғыны болып шықты. Бұл кісі төтенше жағдайдың қаншалықты маңызды ахуал екенін дұрыс түсінбеген сияқты. Ол көкпарды Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған. Сонымен қатар, тұрғындар заңға қайшы, яғни қара жолдың бойында додаға түскен», – деді Қарасай аудандық полиция басқармасының басшысы Асхат Данияр. Бұл дерек бойынша ҚР ӘқбК 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, Қарасау аудандық әкімшілік сотына жолданды. Құқық бұзушының әрекетіне сот баға беретін болды.