Ливерпуль АПЛ-да 101-минутта жеңісті жұлып алды

33 турдан кейін «Ливерпуль» 55 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орында тұ

Ливерпуль қонақта Эвертон командасын Англия Премьер-лигасының 33-туры аясында 2:1 есебімен жеңді.

Матч «Хилл Дикинсон» стадионында өтті. Ойынның 29-минутында Мохаммед Салах есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. 54-минутта алаң иелері Бету соққысының арқасында таразы басын теңестірді. Ал 90+11-минутта Вирджил ван Дейк жеңіс голын соғып, «Ливерпульге» үш ұпай сыйлады.

33 турдан кейін «Ливерпуль» 55 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орында тұр. «Эвертон» дәл осындай ойын санынан кейін 47 ұпаймен оныншы сатыда орналасқан. Келесі турда «Ливерпуль» өз алаңында Кристал Пэлас командасын қабылдайды, ал «Эвертон» сырт алаңда Вест Хэм клубымен кездеседі.