Атырау облысының Жангелдин ауылында қайғылы жағдайда қаза тапқан отбасының бейітіне құлпытас қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға кезінде көз жұмған Мақсот Мұқанғалиев, жұбайы Нәсіп Өтешқалиева және олардың балалары Наурыз бен Мейрамгүлдің қабірі ауыл тұрғындары мен туыстарының қатысуымен тұрғызылды.
Жергілікті халық марқұмдарды еске алып, Құран бағыштап, рухына тағзым етті. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл қайғылы жағдай елге ауыр соққы болған.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.