Қазақстан Сыртқы істер министрі Израиль Елшісін қабылдады

Е.Көшербаев Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, бейбіт келіссөздер өткізу үшін Түркістан қаласын ұсынды.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Елшісі Йоав Быстрицкиді қабылдады, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Кездесу барысында тараптар көпқырлы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, сондай-ақ одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады.

Сонымен қатар сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жайлы пікір алмасты.

Өз кезегінде, Е.Көшербаев Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп,  бейбіт келіссөздер өткізу үшін Түркістан қаласын ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.