«Осы екеуі адам болып кетсін...»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова енесінен қандай өнеге алғанын айтты (видео)

10 жылдан астам уақыт ата-енемен бірге тұрып, өмірлік сабақ алған.

Актриса, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова отбасы, ата-енесі жайлы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында ата-енеден алған өнегесі жайлы әңгіме өрбітті.  Айтуынша, 10 жылдан астам уақыт ата-енемен бірге тұрып, өмірлік сабақ алған.

"Атам да, енем де тәрбие берді. Қарап тұрсақ, мен 1 айдан кейін 38 жасқа толамын. Мен бұл әулетке енемнің жасы 38-де болғанда келдім. Қазір өзіме "Сен ене болуға дайынсың ба?" деп сұрақ қойсам, дайын емес екенімді білемін. Енем жас кезінде ене атанды. Ол ене болып, мен келін болып, бір-бірімізді қолдап отырдық. Бір қасиеті бойыма дарыды десем артық айтпаймын. Ол кісі ене болып, "Ананы бүйт, мынаны сүйт" деп бұйрық беріп отырмады. Керісінше, өзі жас болған соң бәрін өзі істеп жүріп, әрекетімен көрсетті. Қазір қарап тұрсам, келінге солай сіңеді, солай өтеді екен. Үйден қонақ бізде мүлдем үзілмейтін. Жазда бізге ауылға туған-туыстар келетін, қонатын. Жалпы, ата-енем «Осы екеуі адам болып кетсін» деп, өмірге баулыды", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.