Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі өтеді

Астана қаласы бұл байрақты бәсекені биыл төртінші рет қабылдап, әлемнің үздік дзюдошыларын бір алаңға жинамақ.

8-10 мамыр аралығында Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Астана қаласы бұл байрақты бәсекені биыл төртінші рет қабылдап, әлемнің үздік дзюдошыларын бір алаңға жинамақ.

Турнир қорытындысы бойынша IJF ережелеріне сәйкес, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және олимпиадалық рейтингке ұпайлар беріледі.

Атап айтқанда, бірінші орын алған спортшыға  1 000 ұпай, екінші орынға  700 ұпай, ал үшінші орынға  500 ұпай жазылады.

Айта кетейік, Grand Slam турнирі Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.