Актриса Меруерт Өтекешова Баян Алагөзовадағы камзол түпнұсқа екенін растады, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса кеңес дәуірінде пайдаланылған костюмдер мен реквизиттердің түрлі адамдардың қолына өтіп кеткенін айтты. Музейде сақталған камзолдың бір нұсқасы болса да, ол көпшілікке ұнамайды.
Өтекешова камзолдың қайда сақталуы керектігін айтудан бас тартып, өз шығармашылығы туралы айтылуы тиіс екенін жеткізді.
"Шынымды айтсам мен оны берген жоқпын. Ол менің қолымда болмады. Кім сақтаса да, шықты. Бір жағынан осынша уақыт сақталғанына қуаныштымын. Енді оны халық көреді", - деді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.