Бүгін Өзбекстанның Ферғана қаласында тас жолдағы велоспорттан Гран-при жарысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметіне сәйкес, бірінші кезеңнің (91 км) қорытындысы бойынша Елизавета Склярова мәреге екінші (2:27.35 секунд), ал Ангелина Буренкова үшінші (2:27.35 секунд) болып келді.
Ал 2-кезеңде (91 км) Рината Сұлтанова қарсыластарынан оза шауып, мәре сызығын бірінші болып қиды (2:22.40 секунд).
Жалпы есепте Рината 2-орынды иеленді. Алтын мен қола жүлде Қытай спортшыларының еншісінде.
Айта кетейік, аталған додаға 6 мемлекеттен 50-ден астам велошабандоз қатысты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.