Жаңбыр, бұршақ жауады, үсік жүреді: 22 сәуірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ұлытау облысында күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады.

Қазгидромет 22 сәуірде еліміздің 10 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Маңғыстау облысында түнде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай болады. Таулы аудандарда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай болады.

Ұлытау облысында күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Жезқазған қаласында күндіз кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ болады.

Қарағанды облысында күндіз батыста, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с. Қарағанды қаласында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ болады.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соғады, күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында түнде оңтүстігінде, таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай, қатты жел болады. Күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте, таулы және тау етегіндегі аймақтарда жаңбыр, найзағай болады, күннің екінші жартысында таулы және тау етегіндегі аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, ең шеткі батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай болады. Жел батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с. Қызылорда қаласында күндіз жаңбыр, найзағай болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с. Петропавл қаласында оңтүстік-батыс желі, күндіз 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман болады. Жел оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Түнде солтүстікте және шығыста -3 градусқа дейін үсік жүреді. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады. Түнде топырақ бетінде -3 градусқа дейін үсік жүреді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.