«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының колдауымен жүзеге асып жатқан «Сөйле» қазақ тілі клубы бүгінде барлық өңірде жұмыс істейді. 2023 жылдан бастап бүгінге дейін қостанайлық клубта 500-ден астам қатысушы ауызекі қазақ тілін үйренген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Сөйле» клубының арқасында қазақша үйренген жанның бірі – қостанайлық Әсел Бикбаева. Ол – жас ана. Қазір бухгалтер болып жұмыс істейді, шығармашылықпен айналысады. «Сөйле» клубына қатысудағы мақсаты үйде және жұмыста клиенттерімен қазақша тілдесу болған. Осылайша, Әсел спикинг клубқа қатысып, жарты жыл ішінде қазақ тілін үйреніп алған.
Айта кетейік, Қостанайдағы «Сөйле» клубының сабақтары әр сейсенбі мен бейсенбі сайын сағат 18.30-20:00 аралығында өтеді. Қатысу тегін.