Продюсер Гүлзира Айдарбекова халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Продюсер ақын туралы естелік айтты. Сонымен қатар ұлы, әнші Қайрат Нұртас ақынға ән арнап, батасын алғанын жеткізді.
«Елім, жерім, тілім деп, өз қазағымыз үшін үшін ештеңеден тайсалмай шырылдаған Мұхтар Шаханов жау жүрек ағамыздың өмірден озуы бүкіл қазақ үшін орны толмас өкініш. Жаныңыз жәннатта болсын асыл да ардақты, ұлы адам!
Жаназасында Қайраттың төбе көрсеткенін, бәз біреулер «Қайраттың еш қатысы жоқ, неге жүр?» депті. Айналайындар-ау, Мұхтар ағамызға осы әнді арнау етіп ақ Қайроштарыңыз Республика сарайында бірнеше рет орындағанын қалайша ұмыта салды екен мысқылшылдар. Сол кезде ағамызға қарсылық көп болып жатқанына қарамастан осы әнді арнағаны үшін Мұхтар аға өзіме хабарласып тұрып, батасын беріп, алғысын айтқан еді. "Алда біраз кештерім болады, Қайрат балам жанымнан табылса екен" деп еді. Біраз мазасы кетіп, көп арманы орындалмады. Ер жүрек Мұхтар ағамыздай азаматтар кемде-кем, тіпті тура ол кісідей жоқ десек те болады… Бұл әннен артық арнау болмайды да шығар, жүректі тілшелеп тұрып жеткізген есті ән деп ойлаймын. Сіздер не дейсіздер?» - деді продюсер.
Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 19 сәуірде өмірден өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.