Бұршақ жауады, дауыл болады: 23 сәуірге ауа райы болжамы

Жетісу облысында түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр, найзағай, таулы аймақтарда жаңбыр, бұршақ, дауыл болады.

Қазгидромет 23 сәуірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда түнде найзағай ойнайды.

Жетісу облысында түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр, найзағай, таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Жел солтүстік-батыс, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ақтауда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік, күндіз батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Жел батыс, оңтүстік-батыс, екпіні 15–20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр, найзағай.

Түркістан облысында түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр, найзағай, дауыл, кей жерлерде нөсер жаңбыр. Шымкентте түнде және таңертең жаңбыр, күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл болады.

Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Атырауда түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр, найзағай болады.

Павлодар облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман, күндіз жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыс, екпіні 15–20 м/с, күндіз кей жерлерде 23–28 м/с. Павлодарда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай болады.

Ақтөбе облысында түнде және таңертең шығысында 2 градусқа дейін үсік болады. Жел оңтүстік-батыс, екпіні 15–20 м/с. Ақтөбеде түнде және таңертең жауын-шашынсыз.

Қарағанды облысында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, шығысында жаңбыр, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел оңтүстік-батыс, батыс, екпіні 15–20 м/с. Қарағандыда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай.

Ұлытау облысында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз шығысында аздаған жаңбыр, найзағай. Жезқазғанда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде жауын-шашынсыз, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыс, батыс, екпіні 15–20 м/с. Оралда түнде және таңертең ауа райы жауын-шашынсыз.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде жауын-шашынсыз, күндіз батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Өскеменде түнде және таңертең жауын-шашынсыз.

Абай облысында түнде және таңертең кей жерлерде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Семейде түнде және таңертең ауа райы жауын-шашынсыз.

Қызылорда облысында түнде және таңертең орталығында шаңды дауыл, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай болады. Жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Қызылордада түнде және таңертең кей жерлерде жауын-шашынсыз.

Жамбыл облысында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, таулы аймақтарда тұман, күндіз оңтүстігінде және таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ. Жел оңтүстік-батыс, екпіні 15–20 м/с. Таразда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең жаңбыр, батысында тұман, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыс, батыс, екпіні 15–20 м/с. Петропавлда түнде жаңбыр жауады.

Астанада түнде және таңертең найзағай ойнайды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.