Еліміз Польшаның Крыница қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ерекше шеберлік көрсетті. Аталмыш турнирде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы элиталы дивизионға жолдама алу үшін бақ сынап жатыр. Жалпы, сайысқа Польша, Мажарстан, Украина, Швейцария және словения елінің құрамалары қатысып жатыр. Қазір еліміздің құрамасы 9 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр.
Дегенмен Украинаға қарсы матч командаға оңай соқпады. Қарсылас алғашқы кезеңде екі шайба соғып, екінші кезеңде есепті 3:0-ге жеткізді. Соған қарамастан, үшінші кезеңнің ортасына қарай Владислав Ануфриев, Михаил Коленко және Никита Гридасовтың дәл соққыларының нәтижесінде есеп теңесті. Кездесудің аяқталуына жақын қалғанда, Матвей Решетько жеңіс шайбасын соқты. Соңғы секундта Егор Кравченко бос қақпаға шайба енгізіп, матчтың нүктесін қойды. Есеп – 5:3.
Осылайша, үш ойыннан кейін 9 ұпай жинаған Максим Худяковтың шәкірттері әлем чемпионатында екінші орынға көтерілді. Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия мен Польша құрамаларын жеңген еді. Қазақстан құрамасының Швейцарияға қарсы ойыны 23 сәуірде өтпек, ал топтық кезеңдегі соңғы матч Словения құрамасына қарсы 24 сәуірге жоспарланған.
Айсұлу СЪЕЗХАН