Черногория үкіметі 2026 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Осылайша, қазақстандықтар биылғы жылдың 1 мамырынан 1 қазанына дейін жарамды жол жүру құжаты негізінде Черногория аумағына кіре алады, кесіп өте алады және 30 күнге дейін бола алады.
Ұзақ сапарлар үшін тиісті виза ресімдеу қажет.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.