Қостанай облысында үш полиция қызметкері ұсталды

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Қостанай облысында үш полиция қызметкері құқыққа қайшы әрекеттерге қатысты күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 17 наурыз күні Қостанай облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі өңірлік ҰҚКД-мен бірлесіп, Рудный қалалық полиция басқармасының үш қызметкерін ұстаған.

Күдіктілер ішкі істер органдарынан теріс себептермен босатылып, қамауға алынған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі бойынша, яғни пара алу фактісі бойынша тергеліп жатыр.