Бұл туралы Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек “Астана” арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Прокуратура дерегіне сәйкес, бұл қылмысқа үшінші тұлғалардың қатысы болмаған. Барлық жағдайлар күдікті мен жәбірленушілер жеке қалған сәтте орын алғаны белгілі болды.
“Күдікті сот-психиатриялық сараптамадан өтіп, оның психикалық тұрғыда сау екені және өз әрекеттеріне толық жауап бере алатыны дәлелденген.
Сонымен қатар, тергеу нәтижесінде отбасы мүшелерінің әртүрлі уақытта көз жұмғаны анықталған. Атап айтқанда, Наурыз есімді азамат мамыр айында, ал өзге отбасы мүшелері қараша айында қаза тапқан” деді прокуратура өкілі Жандар Болатбек.
Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу жұмыстары әлі де жалғасуда.
Баян Жанұзақова