Ақын Серікбай Әбілмәжін өмірден өтті

Серікбай Әбілмәжін 1984 жылы Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген.

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Әбілмәжін дүниеден озды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қаралы хабарды Жазушылар одағы жеткізді.

Серікбай Әбілмәжін 1984 жылы Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетін тәмамдаған. 

2015 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті филология бөлімінің магистратурасын бітірген. Бурабай ауданының мектептерінде мұғалім, Бурабай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, аудандық «Бурабай» газетінің редакторы болып қызмет атқарған. 

Өлеңдері «Сарыарқа самалы» ұжымдық жыр жинағына, «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының он томдық антологиясына енген. 2014 жылы «Хантәңірі» баспасынан «Үркертолғақ» атты жыр жинағы, 2021 жылы "Фолиант" баспасынан "Сарша тамыз" қатарлы жыр жинағы жарық көрген. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.