Үсік болады: 24 сәуірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қарағанды облысында түнде шығысында, күндіз оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады.

Қазгидромет 24 сәуірде бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақмола облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Түнде оңтүстігі мен шығысында 2 градус үсік болады. Көкшетау қаласында да оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында түнде шығысында, күндіз оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысында күндіз оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Жезқазған қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, батысы, солтүстігі, шығысында екпіні 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с. Түнде ауа температурасы төмендейді, батысы мен солтүстігінде 2 градус үсік, күндіз 7–12 градус, оңтүстігінде 15 градусқа дейін жылы.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар, батысы, солтүстігі, оңтүстігінде жауын-шашын, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, кейде 30 м/с-тан асады. Түнде ауа температурасы күрт төмендеп, 2–7 градус жылы болады, күндіз 5–10 градус. Петропавл қаласында да жаңбыр, қар, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл болады.

Павлодар облысында түнде батысы мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Түнде солтүстігінде 2 градус үсік жүреді.

Маңғыстау облысында күндіз солтүстік-шығысында жаңбыр мен найзағай болады. Батысы мен орталығында тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады, солтүстік-шығысында екпіні 15–18 м/с. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысында түнде оңтүстігінде жаңбыр, таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с. Алматы қаласында жаңбыр, найзағай, кейде жаңбыр болады. Таулы аймақтарда да жауын-шашын болады.

Атырау облысында күндіз жаңбыр, найзағай және дауыл болады.

Жетісу облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде жаңбыр, бұршақ және дауыл болады.

Абай облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде тұман түседі. Семей қаласында да жаңбыр мен найзағай болады.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде жаңбыр болады. Өскемен қаласында түнде жаңбыр мен найзағай болады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай және дауыл болады.

Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, түнде және таңертең тұман болады. Тараз қаласында түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Қызылорда облысында күндіз солтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай және тұман болады. Орал қаласында да жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.