Қытайда жаңа форматқа ауысқан Азия чемпионаты басталды

Осы жарыста Ұлттық құраманың 23 спортшы жүлдемен қатар, маңызды ұпайларға таласады.

Бүгін Қытайдың Хэфэй қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, биылдан бастап спорттың бұл түрінен құрлық чемпионаттары жаңа жүйеге, яғни Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік ұпай сарапқа салынатын форматқа көшті. 

Осы жарыста Ұлттық құраманың 23 спортшы жүлдемен қатар, маңызды ұпайларға таласады. Хэфэйдегі жарысқа барлығы 22 мемлекеттен 400-ге жуық ескек есу шебері келді. 

Айта кетейік, алдағы күндері байдарка мен каноэден 26 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.