Қазақ өнерінің көкжиегі кеңейе берсін - Аида Балаева

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әнші Нұржас Садырбаевты жарқын жеңісімен құттықтап, әлемнің әр елінен келген қатысушылар арасында оның таланты ерекше танылып, лайықты түрде жоғары бағаланғанын атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева  әнші Нұржас Садырбаевты  Voice Beyond Horizon халықаралық жобасындағы жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Қазақстандық талантты әнші Нұржас Садырбаевты  Voice Beyond Horizon  халықаралық жобасындағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Нұржастың таланты, еңбегі мен сахнадағы шеберлігі әлемнің әр елінен келген қатысушылар арасында ерекше танылып, лайықты түрде жоғары бағаланды. Димаш Құдайбергеннің бастамасымен іске асқан жоба Түркістан қаласында бастау алып, Ақтау мен Алматыда жалғасып, елордада қорытындыланды. Қытай, Қазақстан, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстан елдерінен келген қатысушылар Қазақстанның киелі жерлерін бірге аралап, халқымыздың мәдениетімен, тарихымен және еліміздің бай табиғатымен танысты. Өнер жолында табанды еңбек етіп, еліміздің мәдениетін әлемге танытып жүрген жас дарын иесіне алдағы уақытта да жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін. Қазақ өнерінің көкжиегі кеңейе берсін!,  – деді министр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.