Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкер-спортшылары Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

ТЖМ спортшыларының Орал қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатындағы жарқын жеңісі.

21-23 сәуірде Орал қаласында алғаш рет жасөспірімдер мен жастар арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен ең мықты спортшылар қатысты.  BATYR TEAM  клубының қызметкер-спортшылары ТЖМ жүйесін лайықты таныстырып, бұл турнирде абыроймен қорғады.

Чемпионат қорытындысы бойынша, жеңімпаздар Түркияның Бурса қаласында өтетін әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстан Республикасы чемпионатының қорытындысы:

  1-орын – ТЖМ 6 спортшысы
  2-орын – ТЖМ 2 спортшысы
  3-орын – ТЖМ 3 спортшысы

Спортшылар нәтижелері:

  Қыздар 

  53 келі
  1-орын – Болатбек Сания Мұратқызы (Қызылорда облысы ТЖД)

  70 келі
  1-орын – Гарап Алина Серікқызы (СҚО ТЖД)

  70+ келі
  1-орын – Амантаева Дайана (Ақмола облысы ТЖД)

  Ерлер

  57 келі
  1-орын – Баландин Руслан (Маңғыстау облысы ТЖД)
  2-орын – Нұржаубайұлы Бекарыс (Қызылорда облысы ТЖД)
  3-орын – Аймағанбетов Бәйдібек (Қызылорда облысы ТЖД)

  67 келі
  1-орын – Ордабаев Нұржау (Маңғыстау облысы ТЖД)

  73 келі
  1-орын – Жомарт Жәнібек (Маңғыстау облысы ТЖД)
  2-орын – Ақтан Тәмірлан Талғатұлы (СҚО ТЖД)

  88 келі
  3-орын – Әбілов Мирас Ақжанұлы (Ақмола облысы ТЖД)

  +97 келі
  3-орын – Қожахмет Қайрат (БҚО ТЖД)

  ҚР ТЖМ  BATYR TEAM клубының спортшылары жоғары дайындық деңгейін, мықты мінез бен нағыз жауынгерлік рухты көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.