Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Akorda-ға сілтеме жасап.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады.
Студенттер alem.cloud, AlemLLM секілді ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және Astana Hub ресурсын пайдалана алады.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды.