Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева бокстан әлем кубогы кезеңінде 1/4 финалға өтті

1/8 финалда Қазақстан құрамасының сапынан үш боксшы шаршы алаңға шықты.

Қазіргі таңда Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан әлем кубогының бірінші кезеңі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

1/8 финалда Қазақстан құрамасының сапынан үш боксшы шаршы алаңға шықты.

51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова Болгария спортшысы Златислава Чукановамен жұдырықтасып, қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева Чехия өкілі Виктория Жилковамен кездесті. Нәтижесінде, отандасымыз 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ал ерлер арасында 65 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы франциялық Уго Граумен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Уго Грау 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.