Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысына шаһарды абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру, сондай-ақ қолайлы және қауіпсіз қала қалыптастыру бағытында қолға алынған шаралар жөнінде мәлімет берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Akorda-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, биыл елордада 173 орынды (қоғамдық кеңістіктер мен аулалар) жаңғырту, 1,1 миллион түп жасыл желек, атап айтқанда, көшеттер, бұталар, гүлдер мен ағаштар егу жоспарланып отыр.