"Аураханаға жеткізілді": Атырауда автобус 9 жастағы оқушыны қағып кетті

Оқушы Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Атырауда жолаушылар автобусы 9 жастағы мектеп оқушысын қағып кетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы 2026 жылғы 24 сәуір күні кешкі уақытта болған. 

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиға шамамен сағат 18:00-де Атырау – Дамба автожолында тіркелгенін мәлімдеді.

Көлік жүргізушінің жасы 62-де. Ол Yutong маркалы қоғамдық көлікті басқарған. Алдын ала тараған мәлімет бойынша, жаяу жүргінші  2018 жылғы екен.

"Кәмелетке толмаған бала жедел жәрдем бригадасымен Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір тиісті материалдар жиналуда", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін, жылдамдықты асырмау және жаяу жүргіншілерге жол беру міндетті екенін еске салды.