Алматы облысында жасөспірім жоғалып кетті

Қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті. Бұл туралы еріктілер хабарлады, -деп жазады Aikyn.kz 

Еріктілер ұсынған ақпаратқа сай, жасөспірім 2026 жылғы 24 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласына қарасты саяжайлар аумағындағы Виноградная көшесі, 15-үй мекенжайынан шығып кеткеннен кейін оралмаған.

"Із-түзсіз жоғалған жасөспірімнің белгілері: бойы шамамен 160-165 см, арық денелі, қоңыр шашты (боб үлгісінде қиылған), қоңыр көзді. Сол жақ қасының үстінде тыртығы бар. Мұрнында пирсинг болған. Үстінде қара ою-өрнегі бар ақ футболка, қара трикотаж шалбар және сұр кроссовка киген. Өзімен бірге қара түсті сөмкесі болған", - делінген ақпаратта.

Қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Қыздың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласу сұралады: +7 705 105 31 31, +7 701 375 92 91 немесе 102 нөмірі арқылы полицияға хабар беруге болады.