Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде Олимпиада чемпионымен кездеседі

Матч бүгін Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де басталады.

26 сәуір күні Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Рыбакинаның бүгінгі қарсыласы өткен маусымның соңғы бөлігін және биылғы маусымның басын шынтақ жарақатына байланысты өткізіп алған. Қайтып келгеннен кейінгі ең үздік нәтижесі – Доха мен Майамидегі WTA 1000 турнирлерінде үшінші айналымға дейін жету. Бұған дейін ол Мадридте ешқашан үшінші айналымнан әрі аса алмаған.

Биыл 11 ақпанда теннисшілер Дохадағы WTA 1000 турнирінде кездескен. Ол матч 2 сағат 27 минутқа созылып, 4:6, 6:2, 7:5 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталған. Қазіргі таңда Чжэн Циньвэнь WTA рейтингінде 36-орында тұр.

23 жастағы Чжэн Циньвэнь – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы. Сол кезде ол жүлде қорынан шамамен 5,56 миллион доллар табыс тапқан.