АҚШ-та Дональд Трамп қатысқан салтанатты кеш кезінде атыс болды. Қарулы ер адам қауіпсіздік қызметкерлеріне оқ атып, залға кіруге әрекет жасаған. Оқиға барысында 5–8 рет оқ атылғаны хабарланды.
CBS News дерегінше, күдікті ұсталғаннан кейін өзінің мақсаты президент әкімшілігінің өкілдерін ату болғанын айтқан. Қай шенеуніктерді нысанаға алғаны нақты көрсетілмеді. Шабуыл жасаған 31 жастағы ер адам сол қонақүйде тұрған.
Оқиға салдарынан ауыр зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Тек бір құқық қорғау қызметкерінің оқ брондыкиіміне тиген. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.