Өскемен қаласында Целинная көшесінде орналасқан ТҚКС аумағында сыйымдылықтардағы дизель отыны мен пайдаланылған май жанды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт аумағы 102 шаршы метрді құрады.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері ашық жану мен қою түтінді анықтады. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті сөндіру ұйымдастырылып, жалынның таралуына жол бермеу шаралары қабылданды.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан 4 оттегі және 2 газ баллонын шығарып, жарылыс қаупінің алдын алды.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ресми хабарламада