«Әкімшілікте мобилограф қалды ма?»: Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі трендті жалғастырды

Оқырмандар түрлі пікір жазып жатыр

Әнші Төреғали Төреәлі Instagram әлеуметтік желісіндегі тренд негізінде видео жариялады. Видеода әншінің қалың көпшілік арасында жүріп, сұхбаттасып, фотоға түсіп жүргені көрінеді.

Оқырмандар бұл бейнеге оң пікір білдіріп, пікірлерде әзіл жазып жатыр. «Әкімдіктерде мобилограф қалды ма өзі?», «Әкімдік мобилографтары қымбаттап кеткен бе?» деген секілді пікірлер қалдырған.